ҚАНТ ДИАБЕТІ ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ | Print |
20.11.2019 17:50

Республика бойынша 3000-дай бала қант диабетіне шалдыққан. Олардың басым көпшілігі – Солтүстік Қазақстанда. Ал Қызылорда облысында бүгінде 300-ге тарта бала қант диабетімен ауырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының айтуынша, әлем бойынша бұл ауру балалар арасында дендеп барады. Дүниежүзінде әрбір 500-ші бала,  200-ші жасөспірім қант диабетімен ауырады­  екен.

Дүниежүзілік диабет күні жыл сайын­ инсулин гормонын ашқан канадалық физиолог Фредерик Грант Бантингтің туған күнінде, яғни 14 қараша күні атап өтіледі. Өйткені 1922 жылдың қаңтар айында Фредерик Бантинг адамзат тарихынд­а тұңғыш болып қант диа­бетіне шалдыққан 14 жастағы баланы аман алып қалады.

Осы атаулы күнге орай, «Ұмай» балал­ар  үйі  қаладағы  бірқатар орта білім  беретін  мектептерде қант диабет­і ауруы  мен оның алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды. Сондай шара №12 орта мектебінде жалға­сын тапты. Алдымен мектеп оқушыларына аурудың алдын алып, одан сақтанудың жолдары түсіндірілді. Содан соң қант диабетіне қарсы күрес күніне орай оқушылар арасында спорт­тық­  сайыс  өткізілді.

- Осыған дейін қаладағы №101, 140 орта мектептерінде осындай іс-шаралар ұйымдастырылды. Мұнда біз балаларды дұрыс тамақтану, ұйқы режімін реттеу, спортпен шұғылдану, яғни аурудың алдын алуға үйрету мақсатын қойып отырмыз. Бұл жобаға негізі Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқар­масы мұрындық болып отыр. Сонымен қатар, қант диабетіне қарсы күрес іс-шаралары негізінде ата-аналар комитеті құрылды. Комитет құрылудағы негізгі  мақсат – ата-аналардың балаларына көмек көрсетуге үйрету. Және ата-аналар комитеті барлық аудан­дарда құрылған, - деді «Ұмай» балалар үйінің директоры  Анар  Ізден.

Қант диабеті – ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.

- Сырқатқа шалдығудың көп себептері тұқымдық бейімдеушілік екенінде айтып өткен жөн. Тұқымқуалаушылықтың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп таралып отыр. Тағы бір себебі экологиялық жағдайдың бұзылуы, химиялық өндірістің (фосфор, қорғасын) зиянды әсері. Бұл ауру жас талғамайды. Қант диабетінің кең таралуына ұйқы безінің қабынуы, зақымдануы және ісік­тердің пайда болуы да әсер етеді. Ғалымдар осы қант диабетінің пайда болу себеб­і генетикалық бұзылыстар немесе вирустық инфекция деп санап отыр, - дейді қант диабетіне шалдыққан балалардың ата-аналары комитетінің төрайы­мы  Әсел  Шалбаева.

Балалардың қант диабетімен ауруын­да әлем бойынша қазіргі емдеу түрі ағзаны инсулинмен сырттан қамтамас­ыз ету болса, бүгінде оны берудің­  жаңа  түрі қолданылуда. Бірінші – классикалық түрі, шприц-қаламмен егу болса, екіншісі, елімізде 2008 жылдан бері пайдаланылып  жүрген инсулинді помпаны пайдалану. Бір айға қажетті қолдануының өзіне 80-90 мың теңге қажет бұл помпа  18 жасқа дейінгі балаларға тегін, мемлекет есебінен беріліп келеді. Жалпы, қант диабетімен ауыратын бала инсулин қабылдаудың осы екі жолын да білуге  тиіс.

Ә.НАЖМАДИН