Қызылорда қаласының прокуроры тағайындалды | Print |
11.11.2014 12:52

Бүгін Қызылорда қаласының жаңа прокуроры тағайындалды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 07.11.2014 жылғы №179/6 бұйрығымен әділет кеңесшісі Адай Әкім Төреханұлы Қызылорда қаласының прокуроры болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар департаментінің Бас Прокурордың аға көмекшісі қызметін атқарған.