ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ | Print |
25.11.2014 09:30

Елбасының Жолдауында Жаңа Экономикалық Саясат инфрақұрылым Жоспары 5 жылға есептелген және еліміздің үдемелі индустриялы- инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының екінші 5 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр. Сондықтан, бұл құжаттың міндеттері ауқымды болмақ. Осыған орай, кешегі жиын барысында аудан активі Жолдаудың  басым бағыттары мен негізгі міндеттері бойынша пікір бөлісті.

Бүгінгі жиынға облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, кент, қала, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдары, жергілікті және аумақтық атқарушы орган басшылары, ардагерлер мен жастар, үкіметтік емес ұйымдары және БАҚ өкілдері қатысты.

- Біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сыңдарлы саясатының арқасында тағдырдың талай сындарлы сәттерінен өтіп, тәуелсіздік жолында нық қадамдар жасадық. Аз жыл аясында қазақ елін жер жаһанға танытқан Елбасы келер жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту жөнінде тапсырма беріп, оның тұжырымдамасы бекітілді. Арнайы Үкіметтік комиссия құрылып, жер-жерде өтетін іс-шаралар нақтыланды. Сонымен бірге, 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды. Тәуелсіз еліміз барлық ұлт пен ұлыстың бейбітшілік ордасына айналып, толеранттылықтың ерекше үлгісін жасай білді. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайраткерлігі арқасында Қазақстанда этносаралық жанжал мен қоғамның бөлінуіне жол берілген жоқ. Сондай-ақ, ендігі жылдың еншісінде Ата заң – Конституциямыздың 20 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы да ауқымды түрде аталып өтілмек. Бұл шаралар барлығымыз үшін маңызды. Біз – бірлігінен шашау шықпаған, ынтымағы берік, тату тірлігі жарасқан, әрдайым Елбасының назарынан шықпаған Қазалы халқы Мемлекет басшысының «Мәңгілік Ел» болу жолындағы жасампаз істеріне әрдайым қолдау білдіреміз! Түйіндеп айтқанда, Президенттің биылғы Жолдауындағы жаңа бастамаларды іске асыру жолында баршамыз күш-жігерімізді аямай, қолымыздан келгенше еңбек ету – азаматтық парызымыз. Сондықтан, Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруда баршаңыз жұдырықтай жұмылып, белсенділікпен, бірлесіп ауданның қоғамдық-саяси тұрақтылығын сақтауға атсалысады деп сенемін және Отанымыз – Қазақстанның дамуы, оның Мәңгілік ел болуы жолында аянбай еңбек етуге шақырамын. Мемлекет басшысы айтқандай: «Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты» бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі». Әрбір идеядан еліміздің жарқын болашағы жолында тың жобалар жүзеге асырылатынына сенім мол. Мәңгілік Ел идеясын одан әрі дамытуды, Нұрлы жол жаңа экономикалық саясатын ұсынған биылғы Жолдау еліміздің жарқын болашағына жол сілтейді. Онда айтылған әрбір бағыт-бағдар мен міндеттердің ел өмірі үшін маңызы зор. Сондықтан, Ұлт көшбасшысы идеясының аясына бірігіп, ол жүктеген тарихи міндеттерді жұмыла жүзеге асыруымыз қажет. Өйткені, Жолдау бәрімізге үлкен міндеттер жүктеп отыр. Сол себептен, баршаңызды Жаңа Экономикалық Саясатты белсенді жүзеге асыруға шақырамын, - деді аудан әкімі Бахыт Жаханов.

Одан әрі облыстық мәслихат депутаты, Қазалы аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Құлпыбай Ысқақ, аудандық мәслихат хатшысы Бөріқұлақов Талайлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекбанов Оразғали, Қазақстан Халқы облыстық Ассамблеясының мүшесі, «Апаттар медицинасы» АҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасының мейіркеші Елена Андреадига, аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, «Қазақстан» сауда үйінің меңгерушісі Асқарова Шәкизада, №204 орта мектептің директоры Жолтаев Болат, аудан жастары атынан «Жастарды қолдау орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің басшысы Ахметов Олжас сөз алып, Елбасы Жолдауын бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі