Тағайындау | Print |
25.11.2014 11:15

Артур Нығметов «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық Саясат Институты директорының штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Институттың жобалау істері бойынша тәуелсіз кеңестер беру енді Нығметовтың негізгі міндеттеріне кіреді.

Артур Нығметов — публицист, саясаттанушы. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, Мәскеу саяси зерттеулер мектебінің түлегі. Швециядағы SIPU International (Стокгольм, 2008) мемлекет және жергілікті басқару институты мен Конрад Аденауэр Қорында (Берлин, 2012) сынақтан өткен. 2008- 2012 жылдар аралығында қазақстандық және шетелдік БАҚ-тарда журналист және редактор қызметтерін атқарған. «Назарбаев Орталығында» бас сарапшы болған. Соғыс және бейбітшілік тақырыптарындағы IWPR Британ Институты басылымында, Ресейлік экстремал журналистика бағытындағы «Оазис» Интернет-журналында, «Новая газета - Казахстан» газетінде, «Астана» журналында мақалалары жарық көрген. Жыл сайынғы «Халық қалаулысы» сыйлығының "Үздік публицист" номинациясы бойынша 2012 жылдың лауреаты. 2014 жылдан бері «Smart Advice» коммуникациялық тобының басқарушы серіктесі.