ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 5 ЖЫЛДА 2 МИЛЛИОН ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ | Print |
14.02.2018 14:27

Облыста соңғы 5 жыл ішінде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2 есеге артты. Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

«Егер бізде 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, бүгінде бұл көрсеткіш 600 мың шаршы метрден асып түсті. Яғни, екі есе көп берілуде! Нәтижесінде, облыс орталығының өзінде ғана соңғы жылдары 14 жаңа шағын аудан пайда болды. Облыста 5 жыл ішінде 2 млн.шаршы метр тұрғын үй берілді», - деп хабарлады облыс әкімі халықпен кездесуінде.

Өткен жылы облыстағы апатты тұрғын үйлер мәселесі толығымен шешілді.Тек соңғы жылдың өзінде 309 отбасы апатты үйдің орнына жаңа жайлы пәтерге ие болды.

«Соңғы 3 жылда жеке тұрғын үй құрылысы үшін 20 мыңнан аса жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілді», - деді облыс әкімі.