Полиция пункттері ашылды | Print |
27.02.2018 12:41

Қоғамдық тәртіпті қадағалаушылардың қызметінде соны серпіліс. Биылғы қаңтар айынан бастап қала орталығында жаңадан 6 учаскелік полиция пункттері қолданысқа берілді. Бұл туралы ҚІІБ баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде қаладағы 290 мыңға жуық тұрғынға Жергілікті полиция қызметінен бірқатар мамандар қызмет көрсетуде. Атап айтқанда, 79 учаскелік полиция инспекторы, 17 учаскелік полиция инспекторларының көмекшісі жүйелі жұмыс атқарып жүр. Қызылорда қаласына қарасты 16, ал ауылдық округтер мен елді мекендерде 8 полиция пункттері орналасқан.

Ал жаңадан ашылған №6 УПП Бейбітшілік көшесі, №26 үйде, №6/1 УПП Әл-Фараби көшесі, №116 үйде, №017 УПП Белкөл кенті, 1-үй, 16-пәтерде, №11 УПП Жеңіс көшесі, №104 үйде, №10 УПП Скатков көшесі, №104 үйде, №12/1 УПП Тасбөгет кенті, С.Сейфуллин көшесі, №30 үйде орналасқан. Енді қызылордалық полиция қызметкерлеріне артылар жауапкершілік жоғарылап, маңызды міндеттер арта түспек. Тәртіп сақшыларына мемлекет тарапынан жасалған жағдай өз кезегінде жемісті нәтижесін береді деген сенімдеміз.