ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАРЫСЫНДА ТОП ЖАРДЫ | Print |
03.03.2018 09:24

Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өтіп жатқан «Жас ғалым» халықаралық жобалар байқауында қызылордалық оқушылар үздік атанды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ізденімпаз балалардың ғылым бәйгесінде «Мұрагер» мектебінің оқушысы Дінмұхамед Ақпан "Риманның гипотезасы және оның салдары, қасиеттері және шешімі" атты ғылыми жұмысы үшін 1-орынды жеңіп алды. Осы мектептің тағы бір оқушысы Евгений Демиденко "Биологиялық процестердің 4D модельдерін әзірлеу" тақырыбында үздік жоба ұсынып, 1-орын иеленді. №3 мектеп-гимназиясында оқитын Мағжан Бекетов "Компьютердің көмегімен газдардың концентрациясын анықтау" ғылыми еңбегі үшін 2-орын алды.

«Мұрагер» мектебінің оқушысы Диана Валишаеваның "Арал маңындағы тұрғындардың гематологиялық параметрлерін түзету әдістері" атты жобасы үшінші орынға лайық деп танылды.

Жеңімпаздарды ғылым бәсекесіне дайындаған жетекшісі - Ақышева Қарлығаш Дауылбайқызы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі