ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ | Print |
07.03.2018 10:07

Қыз-келіншектерге ерекше ілтипат пен құрмет көрсетілетін көктем мерекесінде ұстаздар қауымы да назардан тыс қалмады. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Жалағаш аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы комитеті білім саласында жемісті еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесіне елеулі еңбек сіңірген ардагер ұстаздар қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті. Салтанатты шараға аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев қатысып, елімізді толайым табыстар мен өркенді өзгерістерге бастайтын өрелі істерге үлес қосқан әйел-аналарға, қыз-келіншектерге арналған өз құттықтауын жеткізді.

Сонымен қатар, ардагер ұстаздарды мерейлі мерекесімен білім саласының ардагері, Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет грамотасының» иегері М.Тұңғышмұратова, жас та болса көпшілік құрметіне бөленіп жүрген ұстаз Қ.Мамзадаева, оқушылары республикалық байқаулардың жүлдегерлері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Ж.Шілдебаева сөз алып, салтанатты шараға қатысушы киелі мамандық иелеріне ыстық лебіздерін білдіріп, мерекелерімен құттықтады.

Салтанатты шара барысында әуез мектебінің көркемөнерпаздары, оқушылар ұлағатты ұстаздарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі