ӨМІРДІҢ ИЕСІ СЕН, ҒАЗИЗ АНА! | Print |
07.03.2018 10:17

Кеше Жалағаш ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі ерекше аталып өтті. "Өмірдің иесі сен, Ғазиз ана" тақырыбында ұйымдастырылған мерекелік шараға ардагер, батыр аналар, депутаттар мен кәсіпкерлер және түрлі салада қызмет ететін нәзік жандылар арнайы шақырылып, құрмет көрсетілді. Мереке иелерін аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Сонымен қатар шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Алиев, ҚР оқу ісінің үздігі, білім беру саласының ардагері Р.Исахметова сөз алып, барлық аналар, әйелдер қауымын айтулы мерекемен құттықтады. Аудан өнерпаздары ақжаулықты аналардың құрметіне мерекелік бағдарламасын ұсынды.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі