Жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамаларын бұзу дерегі бойынша 112 құқықбұзушылық анықталды | Print |
13.03.2018 18:39

Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полициясы құрылымдарымен 2018 жылдың 2 ай көлемінде экологиялық құқықбұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, ескерту, жолын кесу және анықтау бағытында біршама ұйымдастырушылық шаралар жүргізілді.

Нәтижесінде, есепті мерзімде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 112 дерегі тіркелді. Оның ішінде, жануарлар әлемі саласында - 70, балық аулау  саласында – 38 және өсімдіктер саласында 4 құқықбұзушылық анықталды.

2018 жылдың басынан облыс көлемінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылыққа қатысты барлығы 12 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, заңсыз аң аулау фактісі бойынша - 5, өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу дерегі бойынша - 1, ағаштарды мен бұталарды кесу дерегі бойынша - 4.

Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі