Қызылордадағы атысқа қатысы бар 3 күдікті ұсталды | Print |
29.03.2018 11:54

Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі бойында жәбірленушінің қайтыс болу дерегіне күдікті 3 тұлға ұсталып, Уақытша ұстау абақтысына қамалды. Күдіктілер өз кінәларын мойындап жауап берді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2, 3-бөліктері (бұзақылық) және 99-бабы 2-бөлігімен (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі