Ардагер спортшылар бас қосты | Print |
01.05.2018 14:33

Бірлік күні мерекесіне орай Қазалы ауданының ардагерлері кіші футболдан жарыс өткізді. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын қазалылық азаматтар әр қалада бас қосып,осындай спартакиада өткізуді 10 жылдан бері дәстүрге айналдырып келеді. Бұған дейін Астана, Қостанай, Алматы, Қызылордада өткен жарыс ағымдағы жылы туған жерде жалғасын тапты.

Шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев саламатты өмір салтын қалыптастырып, үнемі спортты жанына серік еткен азаматтардың бұл үрдісі келешек ұрпаққа үлгі-өнеге екендігіне тоқталып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Аса тартысты өткен жарыста «Астана» командасы жеңімпаз атанды. Ал қалған орындарды «Қазалы-1», «Қазалы-2», «Замандастар» командасы еншіледі. Айта кетерлігі, осы жолғы жолдастық кездесуге Астана, Алматы, Тараз, Ақтау, Қызылорда қаласы мен Мәскеуден де ойыншылар келіп қатысты.

Жұмабек Табынбаев