Жалағаштықтар ынтымақ пен бірлік күнін сән-салтанатпен атап өтті | Print |
01.05.2018 16:37

Әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесіне айналған 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні ауданымызда 1500-ден астам адамның қатысуымен өткен мерекелік шеруден бастау алды.

Шеруді еңбек ардагерлері, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, мәслихат депутаттары, өңірдің құрметті азаматтары, өзге ұлт өкілдері бастады. Шеруге қатысқан әрбір еңбек ұжымының жетістіктері, көрсеткіштері барша қауымға таныстырылды.

Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев аудан халқын айтулы мерекемен құттықтап, бірлігі мен берекесі ұйысқан, ортақ мүддеге тоғысқан жалағаштықтарға ақ тілеу, терең алғысы мен құрметін білдірді.

Орталық алаңға жиылған аудан жұртшылығына мәдениет үйінің көркемөнерпаздары театрландырылған қойылым мен концерттік бағдарлама ұсынып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Ән мен би, сән мен салтанат, салт пен дәстүр қатар өріліп, халық достығының көрінісі айқын көрінді.

Аудандық ішкі саясат бөлімі