Түрлі этнос өкілдерімен кездесті | Print |
01.05.2018 16:42

Мәдениет және өнерді дамыту орталығында аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай түрлі этнос өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев, аудандық мәслихат хатшысы М.Еспанов, аудан ардагерлері, түрлі этнос өкілдері қатысты. Кездесу барысында сөз алған аудан әкімі Қ.Әубәкірұлы қазақы ортаны жатсынбай, осы жерде ұрпақ өрбітіп, кәсіппен айналысып, қолдарынан келгенінше қызмет етіп, тіпті қазақтармен құда-жекжат болып, туысқандық қарым-қатынас өрбіткен, сондай-ақ, республика, облыс, аудан көлемінде жетістікке жетіп жүрген жастарға тоқталып өтті.

Кездесуде түрлі этнос өкілдері жылы лебіздерін білдіріп, алғаусыз алғыстарын жеткізді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев кездесуді қорытындылап, сый-сыяпат көрсетті.

Аудандық ішкі саясат бөлімі