СЫР ЖУРНАЛИСТЕРІ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ | | Print | |
01.05.2018 18:41 |
- Қайсыбір кездесуімізді алып қарасақ та, талас-тартысқа толы, шиеленісті ойын болды. Турнирге қатысқан командаларды осал деуге келмейді. Барлығы жақсы дайындықпен келгенін көрсетті. Финалда ғана шымкенттіктерге күшіміз жетпей қалды. Әрине, біз үшін турнирдің күміс жүлдесі де жаман нәтиже емес деп ойлаймын. Жалпы, Сыр журналистері бүгінгі таңда бұқаралық спортты дамытуда, саламатты өмір салтын насихаттауда ақпараттық жағынан емес, іспен де дәлелдеп жүр. Алдағы уақытта жеңіс тұғырынан көрінеміз деген ойдамын, - дейді “Ақмешіт” командасының капитаны, “Qyzylorda” телеарнасының редакторы Әділбек Жақанов. Айта кетейік, “Ақмешіт” командасы бұған дейін де республикалық жарыстарда Қызылорданың намысын абыроймен қорғап жүр. Жергілікті журналистер соңғы жылдары БАҚ өкілдері арасындағы облыстық турнирлерді көптеп өткізуді қолға алып келеді. Сыр спортының дамуына үлес қосып жүрген әріптестерді жеңісімен құттықтаймыз! Рыскелді ЖАХМАН |