БАТЫРХАН ШӨКЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН «ОТАН-АНА» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ | Print |
05.05.2018 10:33

«Отан-Ана» байқауының іріктеу туры аяқталды. 25 қатысушының есімі белгілі болды.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға 20 үміткер қатысады деп жоспарланған, алайда өтініштердің көп болуына байланысты олардың қатары 25 адамға дейін көбейді.

«Биыл байқауға 112 өнерпаз қатысуға ниет танытты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Биыл байқау үміткерлерінің дайындығының жоғары болғандығы қуантты. Сондықтан біз қатысушылар санын көбейттік. Бұдан бөлек, биыл байқауда Өзбекстанның өнерпазы бақ сынайды. Алдағы уақытта байқау географиясы ұлғайып, халықаралық деңгейде өтеді деп ойлаймын", - деді «Таңдау» продюсерлік орталығының директоры Қарлығаш Ажиева.

Байқауға қатысушылардың тізімі:

  1. Айзада Әлімбек, ОҚО
    1. Айымбек Сартуков, Алматы қ.
    2. Ақмарал Ешенова, Өскемен қаласы
    3. Әкімxан Маженов, Өзбекстан, Ташкент қ.
    4. Арайлым Маxанбетжанова, Қызылорда қ.
    5. Аян Байжігіт, Жамбыл обл.
    6. Аян Мінішев,  Қарағанды қ.
    7. Бекзат Молдабергенов, Қызылорда қ.
    8. Бүркіт Жанай,  Астана қ.

10.  Гүлнар Көшенова, Қарағанды о.

11.  Данияр Губайдуллин, Маңғыстау обл.

12.  Дария Сартаева, Павлодар қ.

13.  Ерік Төленов,  Кентау қ.

  1. Жомарт Күлбарақов, Алматы обл.
  2. Индира Байымбетова, Қызылорда қ.

16. Ілияс Сейтпенбетов, Алматы қ.

17.Күлайым Қайырбаева, Астана қ.

18. Махмут Нұрахмет,  Қостанай қ.

19.Нұрбол Ақбаев, Қызылорда қ.

20. Нұртас Омаров,  Ақтөбе қ.

21. Павел Цой, Алматы обл.

22. Сырымтай Еңсепов, Алматы обл.

23. Темірлан Пашенов, Талдықорған қ.

24. Тұрғанәлі Шарап, Қызылорда қ.

25. Халид Орынқұл, Жамбыл обл.

 

Қатысушылардың өнерін білікті өнер адамдарынан құралған қазылар алқасы: Дильназ Ахмадиева, Ринат Гайсин, Еркеш Шакеев, Олжас Байканов және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Абдрахманов бағалайды.

Бағдарлама бойынша 16 мамырда үміткерлердің жеребе тастауы болады, 17 мамырда негізгі байқау өтеді. Ереже бойынша әншілер 2 ән орындайды. Оның бірі Батырхан Шөкеновтың шығармасы болуы қажет.

Батырхан Шөкеновтің туған күні, 18 мамырда байқауға қатысушылар әншінің ескерткішінің ашылуына және ағаш отырғызу рәсіміне қатысады.

Кешке орталық алаңда байқау қатысушылары мен қонақтарының гала-концерті өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, 17-18 мамырда Қызылордада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Батырхан Шөкеновты еске алуға арналған "Отан-Ана" атты екінші республикалық әншілер байқауы өтеді.

Ән сайысы Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушылар - облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және "Таңдау" продюсерлік орталығы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі