ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТ | Print |
05.05.2018 11:04

"7 мамыр – Отан қорғаушылар күні" мерекесіне орай аудан орталығындағы "Құрметті азаматтар" аллеясында салтанатты іс-шара өтті. Оған әскер қатарына шақырылған жас сарбаздар, олардың ата-аналары, еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйым төрағалары, Чернобыль апатының ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, кент тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты шара театрландырылған қойылыммен басталды.

Аудан әкімі Ғ.Қазантаев жиналғандарды "7 мамыр – Отан қорғаушылар күні" және Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесімен құттықтап, жас сарбаздарға сәттілік тіледі.

Әскерге шақырылған жас сарбаздардың ата-аналарының атынан, "Алтын алқа" иесі Айтгүл Қалмағанбетова сөз сөйлеп, жүрекжарды лебізін білдірді. Өз кезегінде еңбек ардагері, "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" Р.Бәйменов бата берді.

Іс-шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер айтып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі