БІРЫҢҒАЙ ОҚУ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ | Print |
09.05.2018 09:34

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Б.Байхожаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттеріне «Мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдық қалыптасуы» тақырыбында бірыңғай оқу сағатын өткізді.

- Бүгінгі таңда жүйелі реформалардың нәтижесінде меритократия, тиімділік пен қоғамға есеп берушілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесінінің бірегей моделі құрылды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші бағытын іске асыру шеңберінде кадрларды тағайындау, даярлау және ілгерілету жүйесі жетілдірілді. Персоналды басқарудың қазіргі заманғы құралдары енгізіліп, мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы арттырылды,- деді Б.Байхожаев

Сондай-ақ ол студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін түсіндіріп, тараптардан қойылған сауалдарға жауап берді.

Департаменттің баспасөз қызметі