ҚОШ КЕЛДІҢ, ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ! | Print |
15.05.2018 09:45

Кеше Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қош келдің, Рамазан айы!» тақырыбында мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Шарға облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек қажы Абуов қатысып, жиналған жұртшылықты ораза айының басталуымен құттықтап, айлардың сұлтаны саналатын Рамазан айына ерекше тоқталып өтті. Сонымен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов сөз алып, Рамазан айындағы ұстаған оразаның қабыл болуына тілектестігін білдірді.

Қазіргі таңда аудан орталығында «Қармақшы Ата» және «Алдашбай Ахун» атында мешіт халыққа қызмет көрсетіп, жұмыс істеп келеді. Шара барысында мешіт қызметкерлері имандылыққа және адами құндылықтарды жоғары бағалауға, адамгершілік пен ізгі қасиеттерге жетелейтін тақырыптарда көріністер көрсетті. Сонымен бірге шара аудан өнерпаздарының имандылыққа бағытталған концерттік бағдарламасына ұласты.

А.Қозыбақов,

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы