ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ | Print |
21.05.2018 09:35

Ағымдағы жылғы 18 мамырда Қармақшы ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің ауданға жұмыс сапары барысында аудандық қоғамдық кеңестің отырысына қатысты.

Кеңес отырысы барысында аудан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы кейбір мәселелер және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы мәселелер талқыланып, аталған бағыттардағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар ұсыныстар берілді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі