МЕКТЕП АСХАНАСЫНДАҒЫ АСТАН УЛАНҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ мен ӨМІРЛЕРІНЕ ҚАУІП ЖОҚ | Print |
21.05.2018 09:43

2018 жылдың 18 мамыры күні Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылындағы №192 орта мектептің 25 оқушысы жаппай тамақтан уланды.

Эпидемиологиялық тексеруден анықталғандай, жаппай улануға қарақұмық және жұмыртқа пайдаланғаннан болған. Тамақты ішкен балалар 2-3 сағаттан соң-ақ, ауру белгілерімен Келінтөбе ауылдық дәрігерлік амбулаторияға медициналық көмекке жүгінген. Оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді.

Орталық аудандық ауруханаға 4 бала жеткізілді.

Сол сәттегі балалардың жағдайы орташа деңгейде болған, жүрек айнып, іштері өткен. Әзірше оларға алдын ала сальмонелла тудырған тағамдық таксоинфекция диагнозы қойылды.

"Бүгінгі таңда 21 баланың жағдайы қанағаттанарлық, олар үйлерінде медициналық бақылауда. Ауру ошағы болған жерде зерттеу жүргізілуде, азық-түліктер тексерілуде, қоршаған ортадан бактериологиялық сүртінді, асханадан бактериологиялық жұғынды алынуда", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.

Өңірлік коммуникациялар қызметі