«Рухани жаңғыру»: Өзгерістерді өзіңнен баста | Print |
10.07.2018 15:54

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен ҚРАуылшаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясында Елбасымыздың өткен жыл басындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыру жөніндегі» халыққа жолдауындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған инспекция қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.

Инспекция басшысы Ж.Сарсенбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, соның ішіндегі «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағытындағы кіші бағдарламасын таныстыра отырып, аталған бағдарлама мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрысы мен санасын өзгертуді көздейтінін атап айтты.

Жиналыс барысында инспекцияның бөлім басшылары ветеринария саласында болып жаткан оң өзгерістерге, яғни қағазбастылық азайып, электронды жұмыс жасауға көшкенін баяндады.

Жиналыс белсенді талқылаумен жалғасып, инспекция қызметкерлері ұсыныстарын жеткізді. «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағытындағы кіші бағдарламасы барысында игі нәтижелерге қол жеткізетіндеріне сенімді.

Б.Әбдіқадыров