ҚАРМАҚШЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ | Print |
05.10.2018 10:44

Қармақшы ауданының әкімдігінің қолдауымен кәсіби мереке - ұстаздар күні аталып өтті.

Салтанатты шараны құттықтау сөзімен ашқан аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Әділ Қошалақов елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстаздарға озат шәкірттер тәрбиелеуде жоғары жетістіктер тілеп, мерекелік жылы лебізін жеткізді.

Сонымен бірге ұстаздық жолда ұзақ жылдар қызмет жасап, зейнеткерлікке шыққан мерейтой иелеріне және ауданымыздың білім саласының дамуына үлес қосып жүрген ұстаздарға аудан әкімінің алғыс хаттарын салтанатты түрде табыстады.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Омаров білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды облыстық білім басқармасының құрмет грамоталарымен, білім бөлімінің басшысының алғыс хаттарымен марапаттады.

Биылғы жылы «Үздік білім ордасы -2018» номинациясымен Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің ұжымы, «Үздік еңбек әулеті» номинациясын Қиясовтар отбасы иеленіп, балалар мен жасөспірімдердің жазғы тынығу лагерінде демалысын үздік ұйымдастырған мектептер мен ұстаздар аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары және бағалы сыйлықтар табысталды.

Салтанатты шараның соңы аудандық білім саласының өнерпаз жастарының ұстаздарға тарту ретінде әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты.

 

А.Қозыбақов,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы