Қызылордалық тәртіп сақшылары спорттық шеберліктерін көрсетті | Print |
05.10.2018 14:33

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы және Криминалдық полиция басқармасының 100 жылдығына орай ағымдағы жылдың қыркүйек айының 30-ы күні «Динамо» спорт кешенінде Қызылорда қаласы Ішкі істер басқармасының жеке құрам қызметкерлері арасында шағын футбол, арқан тарту және қол күрес сайыстары өткізілді.

Аталмыш сайыс басқарма қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру деңгейін жоғарылату, олардың кәсіби қызметін ынталандыру және моральдық, психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Шағын футбол мен арқан тарту, қол күрес сайыстары бойынша басқарманың барлық қызмет салаларынан барлығы 160 қызметкерден 10 команда құрылып, олар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» номинациялары бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетті.

Сонымен қатар, аталған командалар арасында мини-футбол ойыны бойынша тартымды әрі бәсекелі ойын өткізіліп, нәтижесінде басқарманың тергеу бөлімінің командасы үздік ойын көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынға басқарманың Штаб бөлімінің командасы ие болса, үшінші орынды басқарманың Криминалды полиция бөлімінің командасы иеленді.

Ал арқан тартыс сайысы бойынша Ақсай және Тасбөгет полиция бөлімінен құралған құрама команда бірінші орынды иеленді. Екінші орынды басқарманың Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторлары командасы иеленсе, үшінші орынды басқарманың криминалдық полиция бөлімінің командасы иеленді.

Қол күрес сайысында басқарманың криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Әлімжан Әлімбетов өзіне деген қарсыластарды шақ келтірмей, жеңімпаз атанды.

Жеңімпаз командалар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Осылайша басқарма қызметкерлері арасында өткізілген саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған спорттық іс-шаралар полиция қызметкерлерінің дайындықтарының деңгейін арттырып, төзімділік пен сенімділіктерін нығайта түсуде.

 

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі