"МҰҢЫН ОЙЛА МҰҚТАЖДЫҢ!" | Print |
05.10.2018 14:43

Осы тақырыппен Қызылорда қалалық "Сұлтан" мешітінде қайырымдылық шара өтті. Оған шаһардағы шынайы мұқтаж деп табылған 20 отбасы шақырылып, мешіт ауласында азық-түліктей көмек көрсетілді. Бас имам Қайырбек Отызбаев Ислам дініндегі жақсылық жасаудың сауабы жəне қазіргі мұхаррам айындағы игі амал жөнінде уағыз-насихат жасады. Мұнан соң тізім аясында азық-түліктер мұқтаж кісəлерге табысталды. Мешіттен көмек алған кісілер қамқор жандарға шексіз ризашылығын білдіріп, дұға-тілектерін жеткізді. "Мұңын ойла мұқтаждың!" қайырымдылық пакетіне ұн, күріш, рожки, қант, май, шай, ас тұзы, ыстық нан жəне тағы басқа қажетті заттар салынды.

Айта кетейік, сауапты іске қайырымды жандар, мешіт жамағаттары мен өңірімізде игі іске ұйытқы болып жүрген "Шын жүректен" еріктілер тобы атсалысты. Алла баршасына разы болып, мол сауаптан жазсын!