Мешіттегілер екі жүз адамға түскі ас берді | Print |
05.10.2018 14:48

ҚМДБ-ның өңірдегі өкілдігінің бастамасы жəне Қызылорда қалалық «Сұлтан» мешітінің ұйытқы болуымен Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай ерекше қайырымдылық шара ұйымдастырылды.

Мұқтаждың мұңын тыңдап, қиналғанның қасынан табылу - əрбір мұсылманға тəн сипат. Бұл шара қала мерекесі аясында халыққа мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау мақсатында өткізілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы мен қалалық "Сұлтан" мешітінің Бас имамы Қ.Отызбаев арнайы қатысып, қала жұртшылығын мерекемен құттықтап, арнайы əзірленген түскі ас тағамын табыстады.

Сонымен қатар, шарапаты мол игі шараға мешіт жамағаттары, жергілікті кәсіпкер азаматтар мен «Шын жүректен» еріктілер тобы бір үйдің баласындай атсалысып, қаламыздың түрлі жерлерін аралап жүріп, еңбек етіп жатқан 200 адамға мерекелік түскі асты тарту етті.