Үздік ұстаз көлік мінді | Print |
08.10.2018 12:48

Арал ауданындағы мұғалімдер мәртебесін көтеру мақсатында аудан әкімі тарапынан биыл 5-ші мәрте үздіксіз пән олимпиадасы ұйымдастырылды.

Биылғы оқу жылында дәстүрлі олимпиада физика пәні мұғалімдерінің арасында өткізілді. Ауданнан 63 мұғалім қатысып, II турға 13 мұғалім өткен болатын.

Аудан орталығында олимпиада қорытындысы жарияланып, жеңімпаз атанған және жүлдегер ұстаздар марапатталды.

Жүлдегер атанған барша ұстаздарға арнайы сыйақы табыс етілді. Ал бас жүлде иеленген №14 мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Елена Сарсенбаеваға автокөлік кілті табысталды.

Айта кетейік, пән олимпиадасының жеңімпазын жеңіл автокөлікпен қамтуға Ақтөбе өңіріндегі жерлесіміз, «Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің иегері, «Қыдыр ата» атымен халық арасында кеңінен танымал меценат Жанарыс Еңсепов демеушілік жасады.