БЕРЕКЕЛІ ЖЫЛДЫҢ МЕРЕКЕСІ | Print |
01.11.2018 15:09

Бүгін Сырдария аудандық мәдениет үйінде биылғы жылғы науқанды жұмыстардың қорытындысы бойынша «Алтын дән-2018» мерекелік шарасы өтті.

Ауыл шаруашылығы саласының жылдық көрсеткіштерін қорытындылауға арналған салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Ғ.Қазантаев аудан халқын береке мен молшылықтың бастауы болған мерекемен құттықтап, ауыл еңбеккерлерінің ел үшін еткен ерен еңбектерінің ақталғанын атап өтті.

Шара барысында ел ырысын еселеп, адал еңбегінің абыройына бөленген азаматтарға аудан әкімі лайықты марапаттауларды, бағалы сыйлықтарын табыс етті және сыр салысын күтіп-баптауда мол тәжірибесі бар, сол арқылы зор жетістікке жеткен озат шаруашылықтар марапат тұғырынан көрінді.

Осындай еңбек озаттарының құрметіне арнап аудан өнерпаздары әннен шашу шашты. Арнайы тігілген киіз үйлерде еңбек озаттарына ақ дастарқан жайылып, сый-құрмет көрсетілді.

Аудандық ішкі саясат бөлімі