САМИТ ДАЛДАБАЕВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ | Print |
07.11.2018 09:45

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Самит Далдабаев 80 жылдығын атап өтті.

Кеше Жалағаш, Сырдария және Жаңақорған аудандарының Құрметті азаматы Самит Далдабаевты әріптестері мен замандастары мерейтойымен құттықтады.

«Сыр өлкесі арғы-бергі тарихымызда еліміз үшін аянбай еңбек етіп, өзінің адалдығымен, парасаттылығымен ел аузында, халықтың оң назарында жүрген азаматтарға кенде емес. Осындай нар тұлғалы азаматтарымыздың бірі де бірегейі - Сәмит Далдабаев ағамыз. Түрлі жауапты қызметтерді атқара отырып, өзін білікті басшы және елінің нағыз ұлтжанды азаматы екенін көрсете білді. Бүгінгі күні де аймағымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, жастарды елжандылыққа тәрбиелеп келеді", - деп атап өтті облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Самит Далдабаевқа Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.

Сондай-ақ, мерейтой иесін еңбек ардагерлері Тұрғанбай Маханов пен Жарылқасын Шәріпов құттықтады. Өз кезегінде Самит Далдабаев әріптестеріне көрсетілген риясыз көңілдері үшін алғысын білдірді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі