ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ «ҮМІТ» БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА КЕЛДІ | Print |
07.11.2018 09:53

Балалар Қорқыт ата мемориалдық кешенінде болып, "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы мұражаймен танысты. Сонымен қатар, облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан Қызылорда облысының тарихы туралы жәдігерлерді көзбен көрді және "Атамекен" балалар ауылындағы құрдастарымен бірлескен концерт өткізді.

Айта кетейік, Қызылорда облысында балалар үйі 2015 жылы жабылды, қазір аймақта 47 бала тәрбиеленіп жатқан "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылы жұмыс істейді.

Кеше облыс әкімі Қ.Көшербаев "Үміт" үйінің өкілдерімен кездесті.

"Қызылорда облысында 200 мыңнан астам бала тұрады, оның 150 мыңы - мектеп оқушылары. 2014 жылдан бастап 510 түлек РФ Үкіметі есебінен Мәскеу мен Санкт-Петербургтің беделді жоғары оқу орындарының гранттарына ие болды. Олардың ішінде балалар ауылының бұрынғы тәрбиеленушісі Кашапова Наргиз да бар. Дарынды балаларға, республикалық және халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздарына "Сыр дарыны" медалін табыстаймыз. Біздің елімізде білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Сіздердің араларыңызда дарынды балалар да бар, олар өз талантымен елімізді ғана емес, Еуропаны да бағындырды. Сіздерге ұлы идеялар мен табысты жетістіктердің қозғаушы күші болуға тілектеспін", - деп атап өтті аймақ басшысы.

Қырымбек Көшербаев балалардың сұрақтарына жауап беріп, оларға естелік сыйлықтар табыс етті.

"Барлық "үміттіктердің" атынан Сізге жылы қабылдағаныңыз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіз! Біз бұрыннан қонақжай Қызылорда жеріне баруды, өлкенің сұлулығын көруді армандаған едік. Мұнда біз жаңа апа-сіңлілер мен аға-қарындастар таптық және оларды шығыста көруге әрдайым қуаныштымыз", - деді "X-Factor.kz" телевизиялық музыкалық жобасының V маусым жеңімпазы Евгений Выблов.

Балалар бағдарламасы "Арай" аквапаркінде жалғасады, ал 7 қарашада балалар Түркістанға, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барады.

Айта кетейік, "Ұлт руханиятының алтын қазығы – Сыр елім!" іс-шарасы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі