ҰЛТ САУЛЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТ БАЙЛЫҒЫ | Print |
21.11.2019 10:20

Қазақстандық медицина  саласын  жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жобалардың  бірі – «Денсаулық» бағдарламасы. Үш жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бұл бағдарламаның да мәреге жетуіне аз қалды. Қызылорда облысында аталмыш бағдарлама аясында ауқымды жұмыстар атқарылды.

 

БАСТЫ   МАҚСАТ  ҚАНДАЙ?

Денсаулық сақтау – қоғамның әлеуметтік өмірі­нің маңызды саласы. Бір­неше рет қайта құруларды өткеріп, алдағы уақытта да дамытылуы жоспарланып отырған ұлт денсаулығы – еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып­  табылады. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын­ жетілдіру үшін орасан­ зор қаржы бөлінуде. Жекеменшік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқа­рудың жаңа әдістері енгі­зілуде, сондай-ақ дәрі­герлерді оқыту мен олардың қызығушылығын арттыру бойынша  жаңа  кадр саясаты қалыптасып отыр. Сайып келгенде осының барлығы қолданыстағы заң аясында өзара  үйлесімділікпен дамып  келеді.  Ал, «Денсаулық» бағдар­ламасының басты мақсаты­  қандай?  Ол:

- Қазақстан Республикасы халқы өмір сүруінің күті­летін ұзақтығын 73 жасқа дейін  арттыру;

- аналар өлім-жітімін – үш есе, нәрестелердің өлім-жітімін екі есе азайту;

- Қазақстан Республикасы халқының жалпы өлім-жітімін 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда 30%-ға төмендету;

- туберкулезден өлімге ұшырауды 100 мың адамға шаққанда 3,8 адамға дейін төмендету;

- 15-49  жас тобында АИТВ  жұқпасының  тара­луын 0,2-0,6% шектерінде ұстап тұруды  қамтамасыз  ету.

Ендігі  міндет – халықтың денсаулығын  одан әрі нығайтып, саланы дамыта түсу. Медиц­инада қордаланып қалған  түйткілді  мәселелерді шешудің қазіргі заманға бейім­делген небір оңтайлы тәсілдерін қарастыру – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Осы мақсатта алдыңғы бағдарламалардың жалғасы ретін­де «Денсаулық» бағ­дарламасы дүниеге келді. Бұл құжат денсаулық проблемаларын шешудің 7 маңызды бағытын қамтиды. Негізгі міндеті – қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыта отырып, аурулардың алдын алуға  бағытталған шараларға көңіл бөлу. Сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесін бас­қару мен қаржыландырудың тиімділігін арттырып, саланың инфрақұрылымын же­тілд­іруді  көздейді.

«ДЕНСАУЛЫҚ»  БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ  7  БАҒЫТЫ

- Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыт­у;

- МСАК-ті жаңғырту және басымдықпен дамытудың негізінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін пациент  мұқтаждықтары айналасына интеграциялау;

- медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;

- ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын іске асыру;

- ниеттес­тікті ендірудің негізінде денсаулық сақтау жүйесін же­тіл­діру  және  оның  қар­жылық­ тұрақтылығын  арттыру;

- денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру;

- мемлекеттік-жекемен­шік әріптестік, инновациялар мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізінде ден­саулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз  ету.

Қазір Қызылорда облысында 32 медициналық ұйым бар. Барлығы 2420 дәрігер және  9040  орта медициналық қызметкер халыққа қыз­мет­ көрсетеді. Және 40-қа тарта жеке  медициналық  ұйымдар жұмыс істейді. Медиц­иналық көмектің сапасы­н  арт­тыру мақсатында қосымша медициналық учаскелер ашылды. Осыған дейін 13 медициналық учаске ашылды, қазір 1 учаскеге 1647 адамнан келеді. Жыл соңын­а дейін қосымша 26 медициналық учаске  ашылады  деп жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министр­лігінің 2017 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республи­касында шұғыл медициналық көмек көрсету ережелерін бекіт­у туралы» бұйрығына сәйкес 14 алғашқы медиц­иналық көмек ұйымында жедел­ медициналық көмек бөлімшелері ашылды. 30 жаңа жедел жәрдем бригадасы құрылып, ол 2017 жылмен салыстырғанда 47-ден 77-ге дейін өсті. Нәтижесінде­ жедел жәрдем қызметкерле­рінің қоңырау түскеннен ке­йінгі науқастың мекенжайына дейінгі жол жүру уақыты 9,8-ден  6,9 минутқа қыс­қарды.

Былтырдан бастап аймақтағы жедел медициналық қызмет көрсететін пункттерде ауруды басқару бағдар­ламалары енгізілді. Яғни, науқа­стар туралы мәлімет ауруханаға тіркелген сәттен бастап, электронды базада­ сақталады және сол арқылы науқасқа ем-дом жасала­ды,  дәрігерлердің  жіті назарында  болады.

Облыста дәрігер мамандардың жетіспеушілігі бай­қалады. Мәселен, былтырғы жылдың басында 205 дәрігер жетіспеушілігі болса, биыл ол көрсеткіш 121-ге азайды. Естеріңізде болса, 2016 жылы  облыс әкімі аймақ медиц­инасының қажеттілігі үшін резидентураға арнайы гранттар  бөлген болатын. Дәл қазір республикалық жоғары оқу орындарында 65 резидент оқып жаста, биыл оның 15-і оқуларын аяқтағалы  отыр.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру аясында медициналық ақпараттық жүйелер облыстың барлық медициналық ұйымдарында 100% енгізілген. Барлық ұйымдарды компьютерлік техникамен жабдықтау 100%-ды, ал интернетпен қамтамасыз етілу 86%-ды құрайды. Оның ішінде қалалық және аудандық медициналық мекемелер деңгейінде – 100%.

2019 жылдың 8 айында 1000 тұрғынға шаққандағы өлімнің жалпы коэффи­циенті  3,5%-ды  құрады (2018 жылдың 8 айында - 3,4%), 2019 жылдың 8 айында  туу коэффициенті 2,4%-ға төмендеді. Нәрестелер өлімінің коэффициенті өткен жылмен салыстыр­ғанда 2,1%-ға артып отыр. Былтыр облыста ана өлімінің 2 жағдайы тіркелсе, биыл 1 ана өлімі болған. Көрсеткіш 50%-ға төмендеген. Былтыр­ғы жылмен салыстырғанда туберкулез ауруының деңгейі 4,8-ға төмендеді. Қатерлі ісік ауруынан 100 мың адамға шаққандағы ауру деңгейі жыл басынан бері 101,5-ті құрады (2018 жылдың 8 айында - 101,3) және аты жаман аурудан болатын өлім-жітім көр­сеткіші 20,7%-ға төмендеді. Ал жарақаттанудан, уланудан және жазатайым оқиғалардан болатын өлім деңгейі ағымдағы жылдың 8 айында 46,3% -ға өсіп, 20,2%-ды құрады.

 

МӘМС   жүйесімен  қызылордалықтардың  83   пайызы   қамтылды

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу үшін облыста арнайы штаб құрылды. Жоспарға сәйкес, Қызылорда қаласы мен 7 ауданның барлық орталық көшелерінде, сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарда (нысандар саны - 32), Халыққа қызмет көрсету орталы­ғында, «Қазпошта» бөлімшелерінде (нысандар саны - 33) МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы халықты хабардар ету үшін жарнамалар, баннерлер мен стендтер салу тәртібі жаңартылды, соны­мен қатар бейнеро­ликтер LED экрандарында көрсетілді. МӘМС туралы облыс тұрғындарын ақпа­раттандыру аясында 108 905 дана  ақпараттық материалдар дайындалды және таратылды (49 800 буклет, 49 715 парақша, 9400 флаер). Сонымен қатар WhatsApp мессенджері арқылы 40 000 або­нент­ке OSMS жүйесі туралы бейнелер,  70 000 SMS ха­барлама жіберілді. Міндетті әлеумет­тік медициналық сақтан­дыру  жүйесіне  көшуді жүзеге асыру­ мақсатында (әсіресе ауыл тұрғындары) облыстың елді мекендерінде медициналық ұйымдардың қызметкер­лерімен  бірлесе  отырып, 544 286  адамды қамтыған  түсіндірме  жұмыс­тары жүр­гізілді. Нәтижесінде  Әлеуметтік  медициналық сақ­тандыру  қорына 5 млрд теңге­ қаржы  жиналды. Тұр­ғылықты  мекенжай  бойынша  түсін­дірме жұмыстары 113351 адам­ға жоспарланып, оның 86072-сі МӘМС жүйесіне қосылды. Айта кетейік, олардың 44314-і – жұмысшылар, 1274-і – жұмыссыздар, 5002-сі – тіркелмеген жұ­мыссыздар, 466-сы – өзін-өзі қамтығандар, 690-ы – жеке кәсіпкерлер және 5854-і – әлеуметтік жәрдемақы алушылар.

Республика жұртшылы­ғының 95%-ын МӘМС жүйесімен қамтамасыз ету жоспарда болса, бұл көрсеткіш Қызылорда  облысында 83%-ды құрап отыр. Қазіргі таңда 26 мыңға жуық халықтың санатын анықтау бағытындағы жұмыстар жал­ғасуда. МӘМС жүйесін іске асыру медициналық қыз­меттердің  көлемін арт­ты­рып, материалдық-техникалық  базаны  жақсартады, ауру­ханаға жатқызу  кезегін  азайтып, медициналық қызметтердің тарифтерін және медицина­ қызметкерлерінің жалақысын  еселейді.

ТҮЙІН. Денсаулық сақтау саласының  2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсатының  аясында  2050  жылға дейін әлемдегі  дамыған 30 елдің қатарына ену және адамның өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін ұзарту жоспары тұр. Бас-аяғы жеті бағытқа негізделген бағдарламаның аяқталуына да санаулы мерзім қалды. Салада қаржы жеткілікті, тек қолға алынған жобалар мен жоспарлы жұмыстарды  сапалы  атқарып  шығу  ғана  тұр.

Керім   ҚЫСТАУБАЙ