ҚОРШАУ НЕГЕ АЛЫНДЫ? | Print |
28.03.2019 11:30

Қызылордалықтар үшін жол жиегін­де­гі темір қоршаулардың алынуы басты жаңалық болды. Көзіміз қоршауға үйреніп қалғаннан болар, көше «киім­сіз» қалғандай. Сонымен басты даңғылдардың қос бетіндегі қоршаулар не үшін алынды?

- Қызылорда қаласындағы Абай даң­ғылы бойындағы қоршаулар он жыл бұрын салынған. Тозығы жетіп, ескіруіне­ байланысты жыл сайынғы күтіп-ұстау шығындары ұлғаюда. Қазіргі таңда көктемгі тазарту-көгалдандыру шаралары аясында жерді қопсыту және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аталған аумақта жаяу жүргінші көпірі пайдалануға берілді. Қала тұрғындары да көшені бейберекет кесіп өтпей, осы көпір арқылы өтуде, - дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автом­обиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары.

Жол жиегіндегі темір қоршауларды күтіп-ұстау және ауыстыруға тікелей қаржы қаралмағандықтан, алдағы уақытта  қайтадан  салынбайды.